«Scholarships» арнайы спипендиясы

«Scholarships» арнайы спипендиясы  (ары қарай мәтінде - арнайы стипендия) ақылы негізде білім алатын, бірақ әртүрлі жағдайға байланысты (отбасылық жағдайы, денсаулығы, қаржылық жағдайы және т.б.) оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ - ең дарынды ҚазБСҚА магистранттарына, студенттеріне, білім алушыларына тағайындалады.

ҚР азаматтарымен қатар, арнайы стипендия басқа мемлекет азаматтары болып табылатын қазақ ұлтына, шетел азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да арнайы стипендия бірыңғай жағдай ретінде (ҚазБСҚА қоғамдық өміріне белсенді қатысқан және  т.с.с. жағдайларда) тағайындалады. 

*Ескерту: арнайы стипендия туралы толық ақпарат алу үшін «Арнайы стипендия  беру тәртібі» сілтеме бойынша өту қажет.

Құрметті студенттер, 15.05-15.06.2020 аралығында дистанционды режимде «Scholarships» арнайы стипендиясына өтініш қабылдау туралы хабарлаймыз.

Өтініш бланкісін толтыру (үлгіні қараңыз), қолы мен күнін қою, өтініш көшірмесін жіберу және барлық құжаттардың көшірме нұсқаларын қоса тіркеп, өз факультетінің поштасына жіберу қажет:

Сәулет факультеті: diana95.a-z@mail.ru

Дизайн факультеті: ruskyll@list.ru

Құрылыс факультеті: makulbayeva@mail.ru

Құрылыс технологиялары және менеджмент факультеті: balgn_2008@mail.ru

ҚазБСҚА жанындағы колледж: zarina.ahaeva.82@mail.ru

ҚазБСҚА жанындағы лицей: zarina.ahaeva.82@mail.ru

Құжаттар толық жіберілмеген жағдайда автоматты түрде жойылады.

Әрбір құжаттың бұрышында (барлық қоса берілген құжаттарда), сізге кім болып келетінін көрсетіп (өзі, анасы, әкесі, әпкесі, ағасы және т. б.) қол қою өте маңызды.

Сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі телефон бойынша хабарласуларыңызға болады: 2208082

«SCHOLARSHIPS» АРНАЙЫ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Құжаттар тізімі

 

2020-2021 оқу жылының күзгі семестріне «Scholarships» стипендиясын ЖОО бойынша тағайындалу туралы бұйрық

2020-2021 оқу жылының күзгі семестріне «Scholarships» стипендиясын колледж бойынша тағайындалу туралы бұйрық

2020-2021 оқу жылының күзгі семестріне «Scholarships» стипендиясын лицей бойынша тағайындалу туралы бұйрық