ҚазБСҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚазБСҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Жемқорлық - ең қауіпті және жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың бірі. Ол әлемдік қауымдастықтың алдында мемлекеттің беделін түсіреді, шетелден инвестиция тартуға кедергі келтіреді. Қазіргі уақытта, мемлекеттік органдар 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.

Осы бағдарлама аясында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, жемқорлыққа қарсы көзқарасты жақсарту және көлеңкелі экономиканы қысқарту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жетілдіру мақсатында іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің заңмен қарастырылмаған тікелей, немесе дәнекер арқылы мүлiктiң иегері болу, атқарымдық өкілеттіктерін пайдаланып пайда табу, сондай-ақ лауазымды адамдарды параға жығу «сыбайлас жемқорлық» болып саналады.