Инновация және қосымша білім беру институты
Инновация және қосымша білім беру институты

Инновация және қосымша білім беру институты (ИҚББИ) Қазақ Бас Сәулет Академиясының құрылымдық бөлімі болып табылады. Институт сәулет-құрылыс саласын жаңарту барысында, сонымен қатар білім беру қызметінде қосымша білім беру бағдарламалары арқылы ғылыми қызмет көрсету мақсатында құрылған.

Инновация және қосымша білім беру институтына төмендегілер кіреді:

- Ғылыми орталық (ҒО): 

- Сәулет-құрылыс саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыратын Республикалық орталық (СҚСКБАРО);

- Үздіксіз білім беру ИНСТИТУТЫ (ҮББИ);

- Инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау орталығы (ИТҚАО);

- Autodesk сертификатталған орталық (СО);

-KNAUF оқу орталығы (ОО);

- Кәсіптік және дайындық курстар (КДК);

- Лингвоорталық.

ИҚББИ негізгі мақсаты болып келесілер табылады - сәулет-құрылыс саласында ғылыми, жобалық және ізденістік жұмыстарды атқару; қосымша білім беру бағдарламасын дайындау; біліктілікті арттыру және кадрларды қайта дайындау, яғни:

сәулет-құрылыс саласындағы ЖОО және колледждердегі ПОҚ-ң біліктіліктілігін арттыру, сонымен қатар инженерлі-техникалық кадрларды қайта дайындауды ұйымдастыру және өткізу;

сәулет-құрылыс саласындағы инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау;

- жаңа кәсіптік білімге және дағдыға үйрету, тыңдармандардың жеке қажеттілігін қанағаттандыру және өзінің кәсіби дайындығын арттыру үшін.

Инновация және қосымша білім беру институты Қазақстан Республикасы бойынша сәулет-құрылыс саласында еңбек сіңірген басты оқу орын болып табылатын «Қазақ Бас Сәулет Академиясының» кең материалды базасымен қамтылған.

Оқу барысында тыңдармандар зертханаларды, ҚазБСҚАның кітапханасының бірден-бір бай материалдарын қолдана алады, келесі саладағы жүргізуші мамандардан кеңес ала алады: сәулет; дизайн; құрылыс технологиялары мен  инженеринг. Жоғарыда аталғандар бойынша, тыңдармандар ең соңғы бағдарламалық өнімдермен және қазіргі жабдықтармен жабдықталған, ғылыми-зерттеу зертханаларында өздерінің дағдыларын кеңейтуге мүмкіндіктері бар.