ҚазБСҚА жөнінде

ҚазБСҚА миссиясы

ҚазБСҚА миссиясы – жоғары білікті мамандар дайындау, студенттердің барлық деңгейде білім алуына жағдай жасау, қоғамнан өз орнын таба алатын, ой-өрісі кең, зиялы азаматтар тәрбиелеу. ҚазБСҚА студенттерге терең білім беріп қана қоймай, оларды азаматтық жауапкершілікке, отан сүйгіштікке және интернационализмге баулиды.

Қамқоршылар кеңесі

 ҚазБСҚА Қамқоршылар кеңесі (ҚК) 2000 жылы Қазақстан Республикасының мүдделері үшін ЖОО интеллектуалды потенциалын тиімді пайдалану және оған қажетті ұйымдастырушылық-материалдық көмек көрсету мақсатында құрылды.

Тапсырыс берушілер кеңесі және сараптау комиссиясы

2000 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО-ы арасында алғаш рет мамандықтар бойынша Тапсырыс берушілер кеңесі және сараптама комиссиясы құрылды (ТКжСК).

       Тапсырыс берушілер кеңесі және сараптама комиссиясы ҚазБСҚА-дағы білім берудің тиімділігін арттыру және жоғары деңгейге жетуге мүмкіндік беретін оқу жоспарларын, инновациялық оқу бағдарламаларын жасау барысында қатысуға, оқу-әдістемелік жұмысы кезінде атсалысуға, түлектердің жұмысқа орналасуы мен практиканың барлық түрлерін өткізуге қатысты сұрақтарын шешуге бағытталған қызметі бар кеңестік орган болып табылады.

ҚазБСҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Жемқорлық - ең қауіпті және жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың бірі. Ол әлемдік қауымдастықтың алдында мемлекеттің беделін түсіреді, шетелден инвестиция тартуға кедергі келтіреді. Қазіргі уақытта, мемлекеттік органдар 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырып жатыр.