Біздің жетістіктеріміз

ҚазБСҚА миссиясы – жоғары білікті мамандар дайындау

Толығырақ

Хабарлама

Беделді профессор Кенжехан Дүйсебайұлы Тойбаев дүниеден өтті

        Бүгін, 2020 жылдың 23 шілдесінде, 68 жасында профессор Кенжехан Дүйсебайұлы Тойбаев дүниеден өтті.
ҚазБСҚА ұжымы техника ғылымдарының  докторы, Жалпы құрылыс факультетінің академиялық профессоры, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, тамаша тұлға, нағыз ғалым Тойбаев Кенжехан Дүйсебайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, оның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза.
Тойбаев Кенжехан Дүйсебайұлы 1951 ж. 2 ақпанда Меркі ауылында  дүниеге келген. 1968 жылы Меркі Жеміс-жидек совхозында №44 сегіз жылдық мектебті үздік бітірді. Мектеп бітірген жылы Алматы құрылыс техникумына «Өнеркәсіп және азаматық құрылыс» мамандығы бойынша оқуға түсіп оны 1972ж. бітірген. Сол жылы Жамбыл гидромелирация- құрылыс институтының «Сумен жабдықтау және канализация» факультетіне түсті, оны 1977 жылы үздік бітірді. Институттан кейін Алматы қаласында «Казпромтранспроект» жобалау институтында 1980 жылға дейін инженер қызметін атқарды.
1980 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында (ҚазМСҚА) жұмыс істеді: 1980-1984 жылдары - аспирант,1984-1986ж. - ассистент, 1986-1990 ж. - аға оқытушы, 1990-1995 ж. - доцент, 1996-2000ж.  - кафедра меңгерушісі, 2000-2004ж. - декан, 2005-2007 ж. – докторант, 2007-2008ж. - кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары Көпсалалы «Парасат» институтының ректоры қызметін атқарды. Ал 2011 жылдан бастап  қазіргі кезге дейін ҚазБСҚА-да «Инженерлік жүйелер және желілер» мамандығы бойынша кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.  Биылғы жылдың күзінде ҚазБСҚА-да жұмыс жасағанына 40 жыл болар еді. 
1988 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтында «Сумен жабдықтау, канализация, су ресурстарын қорғаудың құрылыс жүйелері» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, ал 1991 жылы «Сумен жабдықтау, канализация және гидравлика» кафедрасында доцент ғылыми атағы берілді.
2007 жылы М.Х. Дулати атындагы ТарМУ-да «Геоэкология» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғап - техника ғылымдары докторы ғылыми дәрежесі берілді.
Шығарылған ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жалпы саны – 200 данадан асады, соның ішінде: 170 ғылыми жарияланым; 4 - монография (біреуі Германияда шығарылған); 2 - авторлық жаңалық ашу куәлігі; 1- мемлекеттік стандартпен тіркелген өлшеу әдістемесі; 3 - жоғары импакт-фактормен шығарылған мақалалар (Scopus базасы); 1 оқулық және 6 оқу құралы және 25 оқу-əдістемелік еңбектер жарық көрді.
2010 жылдан бастап Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Геология институтының «Геоэкология» мамандығы бойынша докторлық диссертация Кеңесінің мүшесі болып бекітілген (Бішкек қаласы).
 2011жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық Комитетінің Ғылыми-техникалық комиссиясының мүшесі
Ғылыми жетістіктері үшін Алматы қаласы әкімінің, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
Құрылыс саласындағы еңбектері үшін Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшысы» төсбелгісімен марапатталған.
 Ардақты ұстаздың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.
 

11-17 маусым 2020 жыл

ҚазБСҚА-ның «Түлектер Инаугурациясы-2020» онлайн шарасы